Алматы облысында тауда бес адам із-түзсіз жоғалып кетті

Алматы
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM - Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында бес адамды іздестіріп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру операциясы Қарасай ауданының «Девичьи слёзы» сарқырамасының маңында жүргізіліп жатыр.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды:

- Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.

- Сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін.

- Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек. Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз. Әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.

112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram