08:39, 03 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алматы облысында ТҚКС орталығынан өрт шықты
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — ТЖМ Алматы облысында ТҚКС орталығынан өрт шыққанын хабарлады.

- Бүгін түнде Талғар ауданы Кендала ауылы Смықов көшесі бойында бір қабатты ТҚКС орталығында өрт шықты. Алматы облысының ТЖМ құтқарушылары ТҚКС-дағы өртті сөндірді, - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Отпен күресуге жіберілген өрт сөндіру есептобының үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 80 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Өрттің себебі анықталуда.
Айта кетейік, кеше Алматыда көкөніс сататын дүңгіршекті жалын шарпыған.