Алматы облысында төрт адамның өмірін қиған апаттан екі бала зардап шекті

жол апаты
Фото: Видеодан скрин

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы апаттан зардап шеккен 3 адамның жағдайы белгілі болды.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 маусым түнгі сағат 00:30 - 01:00 шамасында Төтенше жағдайлар министрлігі мен 103 жедел жәрдем бригадасы Шелек ауруханасына жол апатынан зардап шеккен 34 жастағы ер адамды және 10-12 жастағы екі баланы жеткізді. 

«Науқастарды дәрігерлер қарап, шұғыл хирургиялық бөлімшеге жатқызды. Қазіргі уақытта үшеуінің де жағдайы тұрақтанды. Олар дәрігерлердің бақылауында. Қажет ем-домды толық көлемде алып жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Бұған дейін Алматы-Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып, салдарынан 4 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар