Алматы облысында трансформаторда қысқа тұйықталу болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының Талғар ауданында трансформатордың қысқа тұйықталуы болды. 

трансформатор
иллюстрациялық фото: operby.com

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші бөлімге 14 наурыз күні сағат 19:20-да Талғар ауданының Шымбұлақ ауылында қосалқы станцияның жанғаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған мекенжайға Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер трансформатордың қысқа тұйықталуын анықтады. Екінші дәрежедегі шақырту расталмады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді», - деп хабарлады департаменттен.

Соңғы жаңалықтар