Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды: прокуратура қылмыстық іс тіркеді

Алматы облысының әкімдігі
Фото: Алматы облысының әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Осыдан кейін Жармұханбет өзенінің арнасы бойындағы екі көлдің тостағандары толтырылды. Соның салдарынан 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елді мекенге су басу қаупі төніп, олардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланды.

Ашылған штаб пен уәкілетті органдар мен еріктілердің күштері қайғылы салдардың алдын алды.

Айта кетейік, 2017 жылы 10 мамырда Алматы облысының Қаржы басқармасымен сенімгерлеік басқару шарты негізінде су қоймасы «Л.Петрова» ЖК-не берілді. Соңғы баланс ұстаушы – Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының «Ілеиррегация» СШ МКК.

Сонымен қатар Алматы облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша ҚР ҚК 371-бабы (Немқұрайлылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар