Алматы облысында жалған TOYOTA өнімдері тәркіленді

контрафакті
Фото: Әділет министрлігі

Алматы облысында сауда қоймасын тексеру барысында жеке кәсіпкер мен «А» ЖШС-нің TOYOTA тауар белгісін (қапталған мотор майын, АКПП үшін сұйықтық) заңсыз пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Kazinform

Контрафакті өнімдерінің саны 520 дана (1 736 литр). Жалпы сомасы 5 675 480 теңгені құрады.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Әділет министрлігінің, Алматы облысы және Алматы қаласы аумақтық әділет басқармалары қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп тауар таңбасы туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

контрафакт
Фото: Әділет министрлігі

Жоспардан тыс тексеруге TOYOTA компаниясының авторлық құқық иесінің өтініші негіз болды.

Әділет органдары кінәлі тұлғаны ҚР ӘҚБтК 158-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шешім қабылдайды.

тойота
Фото: Әділет министрлігі

Іс материалдары Алматы облысының әділет департаментінде және жақын арада сотқа жіберіледі.

тойота
Фото: Әділет министрлігі

Еске сала кетейік, Әділет министрлігі — зияткерлік меншік құқығын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган.

тойота
Фото: Әділет министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар