Алматы облысында жарылған су құбыры қалпына келтірілді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында жарылған су құбырын мамандар қалпына келтірді. Су тасушы көліктің қызметіне жүгінген Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарына су берілді.
«6 маусымда Жаңатұрмыс ауылын сумен қамтамасыз ететін диаметрі 225 мм құбырдың істен шығуына байланысты «Таусамалы Қызмет» МКК дереу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сумен жабдықтауды қалпына келтірген болатын. Алайда, 2024 жылдың 7 маусымында сол су құбыры қайта жарылды. Мамандар жөндеу жұмыстарын бүгін кешкі сағат 17:00-де аяқтады. Қазіргі уақытта ауыз су штаттық режимде беріліп жатыр»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Бұған дейін сусыз қалған Алматы облысының тұрғындары әкімдікке шағымданып, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған еді.