19:13, 25 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматы облысында жасөспірімді жарақаттаған күдікті іздестіріліп жатыр
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында жасөпірім құрдасына белгісіз құралмен жарақат салған.

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
– Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-қимылдар кешенін жүзеге асырады. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапқа тартылады, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында оқушы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.