17:00, 13 Маусым 2025 | GMT +5
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі қағып кеткен азамат қайтыс болды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 маусым күні Hyundai H 350 жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 75 шақырымда жаяу жүргінші қағып кеткен. Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды.
– Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.