Алматы облысында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы-Бішкек автожолында адам өліміне әкелген жол апаты болды.

жол апаты
Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 20 қаңтар күні Алматы-Бішкек автожолының 38 шақырымында Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен.

— Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиға фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, өңірлік полиция барлық жүргізушілерді ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда ерекше қырағылық танытуға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда мұқият болып, жылдамдықты азайтуға және кез келген уақытта тоқтауға дайын болуға шақырды.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алматыда жол апатынан 39 жастағы әйел мерт болғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар