Алматы облысында жоғалған 74 жастағы шопан табылды

аман-есен табылды
Фото: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында мал жаюға шығып, адасып кеткен 74 жастағы ер адам аман - есен табылды.

23 ақпанда сағат 22:30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Жамбыл ауданы, Үлгелi ауылдық округi маңында 1950 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат түсті.

«Құтқарушылар дереу іздеуге жіберілді. Шопанға ұялы телефон арқылы хабарласқаннан кейін оның шамамен орналасқан жері анықталды. 24 ақпан таңғы сағат 06:05-те адасып кеткен адамды құтқарушылар Айдарлы ауылынан 25 шақырым жерден тапты», - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар
telegram