Алматы облысындағы барлық мектеп қашықтан оқуға көшті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысының барлық мектептері қашықтан оқуға көшті.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккендер кісілер болған жоқ, білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, Алматыда екінші ауысымдағы оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды.
Айта кетейік, Алматыда жер сілкінісінен кейін 2 баллдық афтершоктар қайталанды.