Алматы облысындағы қызмет көрсетуші компанияның кесірінен бірнеше ауылда жарық сөндірілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы Қарасай ауданындағы бірнеше ауыл және мегаполис маңындағы тұрғын үй кешені жарықсыз қалды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, электр қуатының өшірілуіне қызмет көрсетуші компанияның берешегі себеп болған.

уличное освещение көшелерді жарықтандыру
Фото: Kazinform

Жарықтан ажыратылған ауылдар қатарында - Іргелі және Әйтей ауылдық округтері бар. Сондай-ақ Қаскелең қаласындағы бірқатар тұрғын үй кешендері - «Өмірзақ», «Қарлығаш», «Алтын ауыл» және Алматы маңындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешендері электр қуатынсыз қалған.

- Электр қуатының өшірілуіне «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС алдында қызмет көрсетуші «BeyAzhTrans» ЖШС (278 164 019 теңге) және «Таусамалы қызмет» МКК (14 000 000 теңге) ұйымдарының үлкен көлемде қарыз болуы себеп болған. Бұл тұрғындардың жарықсыз және сусыз қалуына әкеп соқтырды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар «BeyAzhTrans» ЖШС басшылығымен бірлесіп, борышты реттеу және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, жаз кезінде ыстық судан ажыратылған «Асыл Арман» тұрғындары жолды жаппақ болғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар