Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты

өрт
Фото: видеодан алынды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс тұтанып, өрт шықты.

Алматы облысының Тәтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, жалын шарпыған аумақ 1000 шаршы метрге дейін жетеді.

- Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам тереңдігі 4 метрге дейінгі 1000 шаршы метр аумақтағы қоқыстың жануымен күресіп жатыр. Жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Алматы облысының ТЖД.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда таңғы уақытта қонақ үй өртенгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram