Алматы облысының фермерлеріне 200 млн теңгеге жуық субсидия төленбеген

субсидии
Фото: gov.kz

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының 110 фермері субсидияға 2023 жылдың шілдесінде өтініш берген. Алайда, күні бүгінге дейін ақшаны ала алмаған. 

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында өңір прокуратурасы жүргізген тексеру фермерлер алдындағы берешектің жалпы сомасы 199 млн теңгеге жеткенін анықтады.

«Фермерлер субсидияға өтінімдерін 2023 жылдың шілдесінде бергеніне қарамастан, төлемдер 2024 жылға дейін кешіктірілді. Өтінімдер заңға сәйкес, 14 жұмыс күн ішінде қаралуы тиіс», - деп атап өтті ведомстводан. 

Облыстық прокуратура барлық фермерлердің субсидияларын алуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады және мұндай жағдайлардың болашақта қайталанбауы үшін өтінімдерді уақтылы қарауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және нұсқаулық шаралар енгізді.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum