Алматы облысының мәслихатына жаңа төраға сайланды

Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы мәслихаты депутаттарының бірауыздан дауыс беруімен Қуат Сұлтанұлы Байғожаев Алматы облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Қуат Байғожаев 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

Кейін Еңбекшіқазақ ауданының Қорам, Шелек, Ават ауылдық округтерінің әкімі, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат пен тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Әр жылдары «AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының жауапты хатшысы, облыстық филиалының жауапты хатшысы болды.

«Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар