Алматы облысының Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Облыс әкімінің өкімімен Ерік Абитов  Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерік Әзілжанұлы 1979 жылы туған. Білімі жоғары, 2001 жылы Орталық Азия университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын Жетісу заң колледжінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысының «Бірлік» жастар қауымдастығының атқарушы директоры, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері, «Есікгеосәулет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының заңгері, директоры болды.

Алматы облысы мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіліктер мен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.

Соңғы жаңалықтар