Алматы облысының тұрақтандыру қорында 2,5 тонна азық-түлік бар

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының тұрақтандыру қорында жасалған форвардтық және тікелей шарттар шеңберінде 2 456 тонна көлемінде өнім қалыптастырылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

хранилище фрукты қойма жемістер
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер: 1767 тонна қант, 158 тонна ұн, 68 тонна күріш, 73 тонна қарақұмық жармасы, 20 тонна рожки, 330 тонна өсімдік майы және 40 тонна тұз.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату облыстың аудандары мен қалаларындағы сауда нүктелерімен агенттік келісімдер негізінде, сондай-ақ апта сайын Қонаев қаласындағы сенбі жәрмеңкелерінде жүргізіледі, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

2024 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының өнімі мынадай бағалар бойынша сатылды:

1) қант: тұрақтандыру қорының бағасы - 364 тг/кг, сөредегі бағасы - 382 тг/кг;
2) бірінші сұрыпты бидай ұны: тұрақтандыру қорының бағасы - 160 тг/кг, сөредегі бағасы - 176 тг/кг;
3) күріш: тұрақтандыру қорының бағасы - 331 тг/кг, сөредегі бағасы - 364 тг/кг;
4) қарақұмық жармасы: тұрақтандыру қорының бағасы - 184 тг/кг, сөредегі бағасы - 202 тг/кг;
5) рожки: тұрақтандыру қорының бағасы - 226 тг/кг, сөредегі бағасы - 249 тг/кг;
6) күнбағыс майы: тұрақтандыру қорының бағасы - 546 тг/л, сөредегі бағасы - 600 тг/л;
7) тұз: тұрақтандыру қорының бағасы - 60 тг/кг, сөредегі бағасы - 65 тг/кг.

Еске салайық, бұған дейін Елорда әкімдігі кәсіпкерлермен 25 мың тонна өніммен қамтуға келіскенін жазғанбыз