Алматы облысының тұрғындары Алғыс айту күнін атап өтті

Алматы облысы
Фото: Алматы облысы әкімдігің баспасөз қызметі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қонаев қаласында атаулы күнге орай мерекелік іс-шара өткізілді. Оған этномәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, өңірдегі аналар мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты. 

Іс-шараны Алматы облысының «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ ұйымдастырды. 

Алғыс айту күні
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, мереке дәстүрлі түрде жалпықазақстандық телекөпірге қатысудан басталды. Телекөпірге елдің барлық аймағынан 400-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ Қонаев қаласының Мәдениет үйінде мерекенің салтанатты бөлігі өтті. Онда этномәдени орталықтардың өкілдері мен өңірдің үздік шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Алғыс айту
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар ғимараттың алдында жәрмеңке ұйымдастырылды, онда қонақтар аймақтың шеберлерінің түрлі бұйымдарын сатып алса, іс-шараның негізгі бөлігінде қоғам дауына үлес қосып, елдің алғысына бөленіп жүрген азаматтарды марапаттады. Олардың ішінде өте қауіпті жағдайларда бірнеше ондаған адамның өмірін сақтап қалған қарапайым азаматтар мен төтенше жағдайлар қызметкерлері бар. «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ ұйымдастырған «Қазақстан-бақыт мекені» атты үздік бейнеролик байқауының жеңімпаздары да өз марапаттарын алды. 

Алғыс айту
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар