Алматы облысының ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Темірғалиұлы Дарибаев Алматы облысының ветеринария басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Темірғалиұлы 1977 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институтын «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша, 2014 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қарой ұжымдық кәсіпорынының мал емдеушісі болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш аудандық аумақтық басқармасының ветеринариялық қадағалау, Балқаш ауданының ветеринария, Балқаш ауданының ауыл шаруашылық бөлімдерінде басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.
2017-2024 жылдар аралығында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары болған. 2024 жылдың мамыр айынан Алматы облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетау қаласының әкімі тағайындалғанын жазған едік.