Алматы облысының жол полициясы жасанды интеллектіні пайдалана бастады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында инновациялық технологияларды енгізіп жатыр.

Арнайы құрылғы орнатылған полиция көлігі
Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Атап айтқанда, жасанды интеллектпен жабдықталған «Sergek Patrol» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені бар патрульдік автомобильдер пайдалануға берілді.

полиция көлігі
Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

– Бүгінде мобильді АБК екі автомобильде орнатылған, оларды 10 патрульдік машинада пайдалану жоспарланған. «Sergek Patrol» жылдамдықты арттыру, жол белгілерін сақтамау және тұраққа дұрыс тұрмау сияқты заңбұзушылықтарды автоматты түрде түсіру үшін жетілдірілген камералар және радарлармен жабдықталған. Жүйені енгізу жол бақылауының тиімділігін арттыруға, жүргізу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ облыс жолдарындағы апатты азайтуға бағытталған, – деді облыстық департамент бастығының орынбасары Елжан Чупеков.

полиция көлігіндегі құрылғылар
Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жол апатынан 48 жастағы әйел қайтыс болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, бірер күн бұрын Алматы облысында көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды.

 

Соңғы жаңалықтар