Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы әкімінің өкімімен Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Ғалым Тоқпейісов 1967 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Әр жылдары «Қарой» ұжымшарының есепшісі, «Ақдала» күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі болды.

Сондай-ақ Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі қызметінде болған.

Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, облыстың жұмылдыру дайындығы, Су ресурстары және ирригация басқармаларының басшысы болды.

Осыған дейін Айбол Құлбаев Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар