Алматы облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс басқармасы басшысы тағайындалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы әкімінің өкімімен Асқар Тойшыбеков облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Асқар Тойшыбеков 1975 жылы туған. Білімі — жоғары.
1999 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының мемлекеттік өртке қарсы қызметі Текелі қалысының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері қызметінен бастаған.
Әр жылдары Алматы облысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінде әр түрлі лауазымды атқарған.
2020 жылдан 2024 жылға дейін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазғанбыз.