«Алматы-Өскемен» автомагистралінің Жетісу облысындағы бөлігінде жол салу жұмыстары жанданды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Күрежолдың құрылысы 2019 жылы басталды. Талдықорғаннан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралық 300 шақырымнан асады. 2019 жылдан бері соның 214 шақырымында жол салу жұмыстары аяқталды. 

жол
Фото: АлександрПавский / Kazinform

«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК ОФ директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев қазіргі кезде көлік қатынасы жақсарып, барыс-келіс жеңілдегенін айтады. 

– Биыл бірінші тоқсанға келетін болсақ, 21 жол апаты болған. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырсақ, 25 пайызға төмендеді. Жолшылар тарапынан қауіпсіздікке бағытталған іс-шаралар бойынша жол белгілерін орнату, жолды таңбалау бойынша катафоттарды ауыстыру, тосқауыл қоршауларды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - дейді Жасұлан Қалтаев.

Былтыр Жетісу облысындағы «Алтынемел» асуы жөнделді. Биыл «Жаркент-Қорғас» жолының 32 шақырымын қалпына келтіру жоспарланып отыр. 

– Қазір жол жақсы, тегіс. Мына тұрақтары бар. Екі-үш сағатта жетіп аламыз. Күрежолдың қалған 100 шақырымына асфальттің үшінші қабаты төселе бастады. Сонымен қатар шеткі қоршауы, жарықшамдары мен жол белгілері орнатылып жатыр, - дейді Өзбекстан азаматы Рустамжан Есжанов.

 

Соңғы жаңалықтар