Алматы Полиция департаментінің басшылары тексерістен кейін қызметінен босатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы Полиция департаментінің басшылары тексеруден кейін қызметінен босатылды.

полиция
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

«2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақ ұрлығына қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысына сәйкес, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қаласы Полиция департаменті қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалалық департаменттің жауапты қызметкерлері де жұмыстан шығарылды.