Алматы полициясы мектеп оқушысының зорлануына қатысты істі тоқтатты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы қаладағы халықаралық мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысы зорланды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тоқтатты.

полиция
Фото: Kazinform

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеу қылмыс құрамның болмауына байланысты тоқтатылды.

«Зорлау фактісі сараптамалар мен мамандардың зерттеулерімен расталған жоқ. Қалалық прокуратура тергеу шешімімен келісті», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Былтыр қазан айында Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. 

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков аталған дерек Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелгенін және бірқатар сараптама тағайындалғанын айтқан еді. 

Кейін 7 жасар баланың анасы сараптама қортындысымен келіспейтінін жеткізіп, тағы бір мәлімдеме жасады. Ол еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурорына жүгінді. 

 

Соңғы жаңалықтар