Алматы прокуратурасы Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігін қайтарып алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алмалы ауданының прокуратурасы ауданы 486 м² болатын әкімшілік ғимараттың бір бөлігін заңсыз жекешелендірілгенін анықтады. 

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

2006 жылы ғимарат төмендетілген бағамен «БибиДана» ЖШС-не сатылып, ол өз кезегінде мүлікті «Саяхат» әуе компаниясы» АҚ-на өтеусіз тапсырды.

Соттың шешімімен прокуратураның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды (заңды күшіне енді).

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қайтарылған ғимаратқа бағалау жүргізіп жатыр.

Айта кетелік Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді