Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді

Прокуратура
Фото: Маскат Шагырбаев / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді, деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.

Прокуратура ҚР Ұлттық банктің мүддесіне қарай, жауап беруші «Ш-ның» жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар