Алматы: тағы бір жүргізушінің адамды ұрып құлатқаны видеоға түсіп қалды

төбедес
Фото: Видеодан кадр

Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы жанжал төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Kazinform.

Оның видеосы әлеуметік желіде тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 100BAKSOFF 100BAKSOFF (@100baksoff)


Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Бейнежазбадан ер адамның жерге құлап түскенін көруге болады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

«1988 жылы туған М.-ның жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта шабуылдаушыны анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Одан кейін сот өндірісінің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Жетісу облысында күні кеше бір жүргізуші жол жиегінде отырған тұрғынмен сөзге келіп қалып, оны бір ұрып құлатқан еді. Жапа шегуші сол күйі тілге келмей, ауруханада көз жұмды

Соңғы жаңалықтар