Алматы тауында алғашқы қар жауды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Шымбұлақта алғашқы қар жауды. Алғашқы қардың түскен сәті түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.
Желі қолданушысы «Шымбұлақтағы алғашқы қар» деген жазбамен видео жариялады.
Сондай-ақ таулы курорттың онлайн-трансляциясынан қардың Талғар асуындағы аспалы жолдың жоғарғы станциясы маңында жауғанын көруге болады. Ол теңіз деңгейінен шамамен 3200 метр биіктікте орналасқан.
Еске салсақ, 25 қыркүйекте Қазақстанда жаңбыр жауып, жел соғатыны хабарланды.