Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған қыз құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы тауларында үш турист таудан түсе алмай қалды
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы қаласы Бостандық ауданында Жапон жолы маңындағы таулы аймақта демалып жүрген 2004 жылы туған қыз аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмаған.

Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары келіп, қажетті көмек көрсетті.

— Олар зардап шеккен қызды «Эдельвейс» туристік базасына дейін жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы тауларында биыл 700 адам құтқарылғанын жазғанбыз.