20:41, 23 Ақпан 2024 | GMT +5
Алматы тауларында ер адамның денесі табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы тауларында жас жігіттің денесі табылды, полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің денесінің табылуына байланысты тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша ол биіктен құлап кеткен. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,-деп мәліс етті Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.