Алматы тауларында кар көшкіні қаупі сақталады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады.
Алматы облысының тауларында 15 ақпан мен 18 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Осыған байланысты ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Айта кетейік, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.
Еске салайық, кеше таңғы сағат 8:00-ден түскі 15:00-ге дейін Алматының Кіші өзені бассейнінде өздігінен қар көшкіні жүрді.