Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында қар көшкіндері жүрді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сел, қар көшкіні жүру қаупі бар арналарының жай-күйін бағалау мақсатында «Қазселденқорғау» ММ Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден зерттеу жүргізіді.
«Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтады. Айтарлықтай көлемдегі қар көшкіні тіркелген жоқ. Объектілерге қар көшкіні қаупінің төнуі анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
Мұздақ көлдер қысқы режимде, қар мен мұзбен жабылған. Көлдердегі мұздықтардың немесе мұздардың зақымдануы анықталған жоқ.
«Су шығынының шегі қалыпты деңгейде. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метр. Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылған жоқ»,- деп атап өтті министрліктен.