13:00, 20 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар»,– делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Синоптиктердің болжауынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда күн бұзылып, нөсер жауын жауады.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дайындалып жатыр.