Алматы тауларында қонжықтарымен бірге серуендеп шыққан қоңыр аю видеоға түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – МҰТП «Көлсай көлдері» аумағында Тянь-Шань қоңыр аюлары бейнежазбаға түсіп қалған.

Алматы тауларында қонжықтарымен бірге серуендеп шыққан қоңыр аю видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин

— Жабайы жануарлар санын есепке алу барысында «Көлсай көлдері» МҰТП инспекторлары Тянь-Шань қоңыр аюын екі қонжығымен бейнеге түсіріп алды. Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді, — делінген Көлсай көлдері ұлттық паркі хабарламасында.

Парк әкімшілігі егер қоңыр аюды байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды екенін ескертеді.

— Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген барлық жануарлар түрлері мемлекет тарапынан қорғалады, — делінген Көлсай көлдері ұлттық паркі хабарламасында.

Айта кетелік Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар