Алматы тауларында көшкін қаупі әлі де сақталып отыр 

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсіріледі
Фото: 24.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қарқынды жауын-шашынның түсуіне байланысты «Қазгидромет» РМК-ның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі бары туралы ескерту жасады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

13-14 ақпан аралығында «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ — Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды. 

«Алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды сұраймыз!» - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар