11:52, 17 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды Kazinform.

«Алматы маңындағы тауларда 2600 -ден жоғары биіктікте қар қалындығының 25 см ұлғайуына байланысты (қардың түсуі әлі жалғасуда) Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында көшкін жүру қаупі сақталады»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған байланысты, «Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тауға барудан бас тартуды сұрайды.