Алматы тауларында шыңды бағындыруға шыққан жеті жасөспірім төменге түсе алмай қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарды.

Алматы
Фото: видеодан кадр/ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару операциясы Күмбел шыңында болған. 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер демалуға мүлдем дайындалмай, шыңды бағындыруды ұйғарған. Олар өз бетінше қайтып келе алмады.

Көмекке РЖҚЖ құтқарушылар жасағы жіберілді. Жасөспірімдер тексерілді, олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Оларды ата-аналарына беру үшін Медеуге дейін түсірді.

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.