Алматыда тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Наурызбай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, 20 шаршы метр алаңды жалын шарпып, жиһаз және үй заттары өртенген.

Алматы қаласы ТЖД
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Құтқарушылар автосатымен және баспалдақпен 14 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Одан бөлек 16 адамды эвакуацияланды. 

Алматы қаласы ТЖД
Фото: Алматы қаласы ТЖД

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы жер үйлерден 270 реттен астам өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайлары анықталғанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ бірнеше күн бұрын Алматыда Барахолка базары өртенді. 

Соңғы жаңалықтар