Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:09–да тіркелген жер сілкінісінен кейін алматылықтар ұялы телефонына төтенше ескерту хабарламасының келмегенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты ҚР ТЖМ ресми түсінік берді. 

уяли телефон
Фото: pexels

Ведомство мәліметінше, «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС станциялары тіркеген дүмпу Алматыда 2 балл болып сезілген. Ал автоматты хабарлау жүйесі тек 5 балдан жоғары қауіпті деңгейдегі жер сілкіністері кезінде қосылады.

— Ескерту 5 балдан жоғары болғанда іске қосылады, — деп хабарлады министрлік.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

Жер асты дүмпуі Алматы облысындағы Түрген ауылы мен Есік қаласында 4 балға дейін сезілген, ал басқа елді мекендерде 2-3 балл шамасында тіркелген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ, деректер өңделіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум