Алматы тұрғыны әкімге автобустар апатына байланысты баламалы қоғамдық көлік құруды ұсынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы тұрғыны қала әкімімен кездесуде мегаполисте қоғамдық көліктердің апатқа ұшырауы жиілеп кеткенін айтып, осыған байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін жер үстінде муниципалды кабиналар құруды ұсынды.

автобус
Фото: uzreport.news

«Менің ұсынысым бар: жолаушыларды тасымалдауға арналған муниципалды кабиналар құру керек. Батыс тәжірибесі бұл барлық жағынан өте тиімді және бірнеше мәселені шешетінін дәлелдеді. Мысалы, кептелістер, қоршаған орта, жол апаттары. Мен өз басым мұндай автобустарды қолданар едім. Бірақ бізде әлі жоқ. Эксперимент ретінде оны Төле би көшесінің бойында сынап көруге болар еді. Тұрғындар арасында сауалнама жүргізсек болады, жауап береді», - деп ұсыныс жасады алматылық тұрғын.

Ерболат Досаев әкімдік қаланың көлік мәселесін шешу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Көлік құрылымының бас жоспары бекітілді, онда біз дамытқымыз келетін әртүрлі көлік түрі бар. Атап айтар болсам, метро, LRT және BRT желілері. Бұл жобалардың барлығы бар, біз олармен айналысамыз», - деп жауап берді әкім.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бұл ұсынысты қарастыратынын тілге тиек етті.

«Биыл Райымбек пен Желтоқсан бойында BRT құрылысын бастаймыз деп отырмыз. Сондай-ақ кабинасы бар автобустар сатып аламыз, сонымен қатар №7 қалалық аурухананың ауданында биыл көлік торабы – адамдар жол бойында тұрмайтындай үлкен аялдама құрылысы басталады», - деді ол.

Еске салайық, былтыр 22 желтоқсан күні кешке Алматыда Райымбек даңғылында, № 7 қалалық аурухана маңында автобус бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 7 адам зардап шегіп, үш адам қаза тапты.

13 ақпан күні Алматының орталығында үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты.