Алматы тұрғыны қоғамдық көлікте жолақыны төлеудің жаңа түрін ұсынды

жолақтар
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы тұрғыны қала әкімімен болған кездесуде қоғамдық көліктерде карта немесе екінші деңгейлі банктердің қолданбасы арқылы жолақыны қашан төлеуге болатынын сұрады.

«Алматы әкімдігімен жолақыны төлеу саласы бойынша жасанды монополист құрылды, ол – «Алматы көлік холдингі» ЖШС. Мен басқа қалаларда жиі болып тұрамын, оларда екінші деңгейлі банктер арқылы жолақыны төлеу жүйесі енгізілген. Мен бұл мәселені бірнеше рет көтердім, сіздің орынбасарыңыз Асқар Кемеңгерұлына да жолықтым. Алайда, бұл мәселе қазіргі кезде қаралып жатқан жоқ… Бізде Алматыда картаны сатып алуға және сонымен жолақыны төлеуді мәжбүрлейді. SMS түрінде баламасы бар екені рас, алайда, көп адам оны пайдалануды білмейді», - деді қала тұрғыны.

Ерболат Досаев әкімдіктің бұл мәселе бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

«Жақын уақытта біздегі келісім аясында ONAY және жүйелер арқылы төлем жасау мәселелері шешіледі. Бірақ, басқа жерлерде басқаша төлеуден олардың қоғамдық көліктегі жүру сапасы жақсарды ма екен? Бізде уәкілетті мемлекеттік орган – Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті бар. Егер сұрақтарыңыз болса сонда хабарласассаңыз болады» - деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл 1 шілдеден бастап мегаполистің қоғамдық көліктерінде қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізілетінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар