Алматы тұрғыны Ресей, Грузия және өзге елдерден жалған құжатпен мигрант әкеліп отырған

мигранты
Фото: Еңбекмин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды. 

Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне жалған құжат арқылы тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған.

5 маусымда Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеу бойынша үкім шықты.

Кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Әдетте заңсыз көші-қон жалған фирмалар арқылы жүзеге асады.

Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудін жарамсыз деп тану жұмысын жүргізуде.

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл — қадағалау қызметінің өзекті бағыттарының бірі.

Соңғы жаңалықтар