Алматы ТЖД өрт қауіпсіздігіне байланысты жедел желіні іске қосты
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады.
Департамент мәліметінше, халықтың хабардарлығын арттыру және азаматтарға кеңес беру мақсатында жаңа желі жұмысын бастады.
- Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты. Енді кез келген азамат өрт қауіпсіздігі саласының маманынан кеңес ала алады, - делінген мәлімдемеде.
Жедел желінің жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін). Телефон: 8 (727) 279 91 93.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылыту маусымы қарсаңында жедел штаб ашылды. Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жылу болмаған, су аққан немесе ақау туындаған жағдайда тұрғындар 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі бойынша Бірыңғай диспетчерлік орталыққа, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына жүгінуге кеңес берді.
Сондай-ақ жылу берілген тұрғын үйде пәтер жылымаса, қайда жүгіну керек екенін жазғанбыз.