Алматы жойқын жер сілкінісіне дайын ба - фоторепортаж

жер сілкінісіне әзірлік
Коллаж: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы жоғары сейсмикалық аймақта орналасқан. Жер сілкіну қаупі қашаннан бар және табиғат апатының бұл түрі бірнеше мәрте болды да. Сейсмология ғылыми-зерттеу орталығы мамандарының болжауынша, жыл соңына дейін 7 балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен. Бұл тек болжам. «Апат айтып келмейді» демекші, еліміздегі ең ірі мегаполис жойқын жер сілкінісіне қаншалықта дайын? Бұл сауалға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жауап берді.

Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, Алматыда күшті жер сілкінісі болған жағдайда санаулы сағатта бас сауғалайтын база құрылады.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің «Алатау» оңтүстік жедел базасы қаланың Түрксіб ауданындағы Сүйінбай 248 В мекенжайында орналасқан.

Лагерді құру уақыты - 12 сағат. Материалдық резерв жүйесінде шатырлар, төсектер және рюкзактар сияқты қажетті заттар қарастырылған»,- деп хабарлады департаменттен.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

Зардап шеккендерге жылы киімдер мен басқа да қажетті заттар ұсынылады. Әр 10 адамға бір медициналық жинақ беріледі, оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдар бар. Сондай-ақ лагерде шатырлар, ұйықтауға арналған қаптар, үш күнге жететін азық-түлік қоры болады. Шатырлардың сыйымдылығы әр қалай 10-нан 40 адамға дейін. Әзірге қалашық 50 мың адамға арналған.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Алматы маңында осындай бірнеше лагерь құрылатынын айтқан болатын. Бұл бір миллионға дейін тұрғынды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

Шатырлы қалашыққа тұрғындарға өз бетімен бару ұсынылмайды. Адамдар ол жаққа қала бойынша мектептерде, университеттерде, театрлар мен стадиондарда орналасқан қабылдау пункттерінен жеткізіледі.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

«Қалада баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт бар. Бұл пункттерде тұрғындарды жинау, есепке алу және уақытша орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Әрбір зардап шегушіге жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса, оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН көрсетілген эвакуация туралы куәлік беріледі», - деп хабарлады ТЖД.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

Зардап шеккен тұрғындар қабылдау пункттерінен көлікпен, оның ішінде теміржолмен қауіпсіз аймақтарға жеткізілетін болады.

Қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында, Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған. Сонымен қатар депатрамент QR коды бар ақпараттық тақтайшалар әзірледі.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

Кодты смартфонмен сканерлеп, жақын маңдағы қабылдау пункттеріне эвакуация жолдарын қарауға болады.

«Айта кетейік, Алматы аумағында тәулігіне 500 адамға дейін қабылдай алатын Апаттар медицинасы орталығы мен құтқару қызметінің екі көшпелі далалық ауруханасы бар. Хирургиялық көмек көрсетуге қабілетті госпиталь автономды режимде 15 күнге дейін жұмыс істей алады»,- деп хабаралады ведомстводан.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

Осыған дейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова алматылықтар жер сілкінісіне әрқашан дайын болу керектігін ескерткен болатын

Сондай-ақ «дабыл сөмкесіне» қандай заттар салу керек екенін жазған едік

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Kazinform

Еске салайық, 5 қараша күні саған 10:00-де Алматыда жер сілкінді.

Кейін еліміздің бас сейсмологы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады.

жер сілкінісіне әзірлік
Фото: Алматы ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар
telegram