Жер сілкінгенде ала шығатын «дабыл шабаданына» не салу керек
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жер сілкінісіне қалай дайындалып, «дабыл сөмкесіне» қандай заттар салу керек екенін тағы бір еске саламыз.
«Дабыл шабаданын» үйде қарапайым рюкзакқа, сөмкеге немесе шабаданға салып жинауға болады.
Біріншіден, алғашқы көмек көрсететін қажетті дәрі-дәрмек салынған медициналық жәрдем қобдишасы, жылы киім-кешек, фонарь, консерві мен батырмалы телефон болуы керек. Оның қуаты бар болса бір апта немесе тіпті 10 күнге дейін жетеді. Сондай-ақ міндетті түрде ысқырық болуы шарт. Түркиядағы жер сілкінісінің тәжірибесіне сүйенсек, бір минуттық үнсіздік жарияланған кезде адамның қай жерде екенін ысқырық арқылы анықтап, тауып отырды. Сондықтан, бұл әрбір алматылықтың дабыл сөмкесінде болғаны абзал.
Дабыл сөмкесі — төтенше жағдай кезінде қажетті заттар салынатын жиынтық.
Ең алдымен не алып шығу керек: ақша, құжаттар, алғашқы көмек жинағы, су, консервіленген тамақ, жоғары калориялы тағам, жеке гигиена құралдары, жылы киімдер, жылы көрпе, радиоқабылдағыш, батареямен жұмыс істейтін фонарь, сіріңкелер, ысқырғыш.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев, биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені атады:
1. дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
8. ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Айта кетейік, бүгін саған 10-да Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.
Сондай-ақ алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келген жоқ.