Алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келген жоқ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама неліктен келмегенін түсіндірді.

Телефон гаджет соц сети әлеуметтік желілер
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

«Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автоматты режимде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкініс қала аумағында 3 балл болды»,- деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін саған 10-да Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.

Осыған дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ералы Шоқбаровтың «елде қазір салынып жатқан көпқабатты үйдің бәрі қауіпсіз» деген пікірін берген едік.

 

Соңғы жаңалықтар