Алматы зообағы балалар мерекесінде биыл дүниеге келген кішкентай хайуанаттарды көрсетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Биыл Алматы зообағында 70 жануар дүние есігін ашқан. 

керік
Фото: видеодан алынған кадр

«Балалар күні құтты болсын! Достар, бізде жақсы жаңалық. Биыл біздің зообағымызда 70 кішкентай жануар дүниеге келді. Бүгін барлық кішкентай жануарларымыз бен бізге келуші балаларды мерекесімен құттықтаймыз! Балалар мерекесі қуаныш пен күлкіге, көңілді сәттерге толы болсын», — деп жазды Алматы хауанаттар бағы Instagram парақшасында.