Алматыда 1 тоннаға жуық қоқыс пен лай сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазгидрометтің болжамы бойынша 28-30 наурыз күндері Алматыда жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деп күтілуде. Осыған байланысты Алматы әкімдігі дайындық жұмыстарын мәлім етті.

тазалық жұмыстары
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері арық желілері, арық өткелдері мен қоқыс төгілген жерлерге тазалық жұмыстарын жүргізді. 

«27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желісі тазартылды. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2 мың қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі сондай-ақ қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарға қалдықтарды тастамауды ескертті.

«ӘҚБтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеміз. Бұл ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкелуі мүмкін», - деп ескертті әкімдіктегілер.

Соңғы жаңалықтар